Әй , болашақ ЖАР , аяулы АНА , бақыттың кілтін сұрасаң құлақ сал:
-күйеуіннің көзінше ӘСЕМ КИІН , ол үшін ғана хош иістенуді әдетке айналдыр
-әрдайым оның сүйікті тамағын дайындауға тырыс
-оның ұйықтайтын уақытымен тамақ ішетін уақытына САҚ БОЛ
-оның кемшіліктерін басқа ортада ЖАСЫР
-ол үйге қуанып келсе қамығып қарсы алма , ал қамығып келсе қабағы ашылғанша сөйлес
-қанша дүние тауып келсе де шүкіршілік етуші бол
-босағаның беріктігі ҚАНАҒАТТАН бастау алады
-үйден шығатын болсаң оның рұқсатын ал , немесе ескерт
-сенің сұлулығынды көруге ең лайықты адам - КҮЙЕУІН
-көшеде ашық шашық киінуші болма
-күйеуінді разы ететін амал саған құлшылық болып жазылады
-ол сені шақырса қазанның басында тұрсаңда жанына баруға тырыс
-ол үйде жоқ кезде дүние мүлкіне аманат деп қара
-үйге қонақ шақыратын болсаң еріңмен кеңес
-күйеуін орынсыз ренжіткен әйел разы етпейінше АЛЛА ол әйелден разы болмайды
-араларындағы сырды сақта
-әр алыптың артында ӘЙЕЛ тұрады деген бабалар
-ол бар тапқаның бала шағама бұйырса деп жүреді
-балаларынның көзінше әкесін құрметтеп, өзі жоқта тек жаксы қасиеттерін айт
- "МЕН ЕШҚАШАН СЕНЕН ЖАҚСЫЛЫҚ КӨРМЕДІМ" деп айтушы болма, ол күнә
-еркек үйіне асықса әйелінің жаксы болғаны
-ерінің қабағына қараған әйел АЛЛАНЫҢ НАЗАРЫНА ІЛІНЕДІ
-Аллах елшісі (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын ) : " Егер әйел бес уақыт намазын оқыса, рамазандағы оразасын ұстап , намысын қорғап , күйеуіне бағынатын болса , Жәннатқа қалаған есігінен кіреді " деп айтты ( Бухари)